» » Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін ауа райы құбылмалы болады



Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады.
Түркістан облысының кей жерінде тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Aқмола, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Aлматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Aтырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Baq.kz
15 қазан 2018 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031