» » «Автобус» іс-шарасы барысында 433 құқық бұзушылық анықталды

«Автобус» іс-шарасы барысында 433 құқық бұзушылық анықталды



18-20 қазан күндері облыс аумағында ОІІД Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
 Іс-шара барысында жоспардан тыс және жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректер анықталды.
Іс-шара барысында автобус жүргізушілерімен барлығы 433 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 22 дерегі, заңсыз қайта жабдықтаудың /590,7-бап/ - 10, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген /590,9 бап/ - 38, ұялы телефонмен сөйлесудің /591,1 бап/ - 66, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың /592 бап/ - 22,   сақтандыру полисі болмағандардың /612,1 бабы/ - 20 деректері анықталып, тиісті әкімгершілік хаттамалар толтырылды.
          
 
 
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
24 қазан 2018 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031