» » ҒАНИ МҰРАТБАЕВ МӘСКЕУДЕ ЖЕРЛЕНГЕН

ҒАНИ МҰРАТБАЕВ МӘСКЕУДЕ ЖЕРЛЕНГЕН

Қызылордалық журналистер шығысжұлдызыатанғанҒаниМұратбаевжерленген  Мәскеу қаласындағы “Ваганьково” қорымынабарды, деп хабарлайды “Жалағаш жаршысы”.
Ғани Мұратбаев дегенде көз алдымызға жастардың көшбасшысы елестейді. Оның ел үшін жасаған еңбектерін сөз етпегеннің өзінде, талай жасқа пана болғанын  айта кеткеніміз абзал. Ол Жетісуда мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды. Бұл жерден қаншама адам білім алды.   Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры қызметін атқарды. Бұл жағынан келгенде Ғани Мұратбаевты үлкен жүректі жан ретінде тануға болады.
Сондай-ақ, ол «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторы болғанын айта кеткеніміз жөн. Кезінде бұл басылым есімдері республикаға белгілі көптеген журналистің қанаттануына мүмкіндік жасаған ұстахана саналды. Осындай жұмыстары арқылы Мұратбаевтың қайраткерлегін көреміз. Аз ғана ғұмырында талай игілікті істі қолға алған Ғани Мұратбаев қашанда қазақ жастарына үлгі болып қала берері сөзсіз.
Сыр өңірінен барған делегация Ғани Мұратбаевтың рухына құраннан дұға бағыштады. Осы сәтте ерекше оқиға орын алды. Күн бұлттанып тұрғанымен жауын жауатындай сыңай танытпаған болатын. Бірақ, құран оқылып жатқанда аспаннан ақ нөсер төгіліп, шелектеп жаңбыр жауды. Біз мұны нұр жаудыға балап, қайраткердің әруағы бір аунаған шығар дедік.
А.БЕК.
30 қазан 2018 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 131

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 85

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 105

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031