» » СӘМИТ ДАЛДАБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

СӘМИТ ДАЛДАБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Самит Далдабаев 80 жылдығын атап өтті. Бүгін Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Самит Далдабаевты әріптестері мен замандастары мерейтойымен құттықтады.
«Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел аузында, халықтың оң назарында жүрген азаматтарға кенде емес. Осындай нар тұлғалы азаматтарымыздың бірі де бірегейі - Сәмит Далдабаев ағамыз.  Түрлі жауапты қызметтерді атқара отырып, өзін білікті басшы және елінің нағыз ұлтжанды азаматы екенін көрсете білді. Бүгінгі күні де аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеп келеді", - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі  үшін Самит Далдабаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Сондай-ақ, мерейтой иесін еңбек ардагерлері Тұрғанбай Маханов пен Жарылқасын Шәріпов құттықтады. Өз кезегінде Самит Далдабаев әріптестеріне көрсетілген риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Сәмит Далдабайұлы 1938 жылы Жалағаш ауданыЕңбек ауылына қарасты Ынтымақ елдімекенінде дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Совет Одағы Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің (СОКП) жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. Жоғары білім алғаннан кейін Қызылорда облысына оралып, еңбек жолын Тереңөзек ауданында  бас мал дәрігері қызметінде бастаған Сәмит Далдабайұлы, одан кейінгі жылдары аудандық малдәрігерлік станциясының бастығы болды. 1965-1974 жылдары Тереңөзек аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, Жалағаш аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1975-1991 жылдары Сырдария аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партиякомитетінің хатшысы болған. 1992-1997жылдары Жалағаш ауданының әкімі, 1998 жылы облыстық тәртіптік кеңестің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағымен және "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", "Құрмет" медальдарымен марапатталған.
07 қараша 2018 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 251

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930