» » «ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ» АТТЫ КІТАП ҚАЛЫҢ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

«ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ» АТТЫ КІТАП ҚАЛЫҢ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгін Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінде «Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мұғалімі», «СССР – халық ағарту ісінің үздігі», «Қазақ ССР халық ағарту үздігі» Қожабай Бақбергеновтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді.Мерейтой барысында тау тұлғалы азаматтың ғибратты ғұмыры жайында, елге жасаған еңбегі мен өнегелі ұстаздық жолы туралы сыр шертетін қарымды қаламгер, журналист Серік Бертаевтың «Тұғырлы тұлғаның дара жолы» атты кітабы қалың оқырманға жол тартты.Шараның алғы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов
- Ардагер ағаларымызды, бабаларымызды ұлықтау мақсатында ауданымызда бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылдың өзінде мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларын республикалық деңгейде аудан халқымен бірге атап өттік. Бүгінгі күні ардақты ұстаз, білікті басшы бола білген Қожабай Бақбергеновтің мерейтойлық шарасын ұрпақтарымен бірлесіп, атап өтіп жатырмыз, - деді өз сөзінде.
Шарада кітап авторы, қарымды қаламгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бертаев Серік, ел ағалары Кенжеғара Сүлейменов, Болат Мұстаяпов, Батырбек Маншарипов, Әлтай Прманов, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова сөз алып, білікті ұстаз, сырлас дос, ақылшы аға туралы өз естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, шара барысында аға ұрпақтары, мектеп оқушылары, ұстаз шәкірттері өз өнерлерімен, арнау өлеңдерімен көпшілік көрерменге әсерлі кеш сыйлады.
Ардақты ұстаз басқарған №116 мектеп ауласына бірқатар ел ағалары, ардагерлер ағаш отырғызды.
Айта кету керек, Қ.Бақбергенов 1974 жылы Қазақ Республикасы оқу министрлігінің халыққа білім беру ісінің озаты атанса, 1978 жылы Қазақстан мұғалімдерінің V съезінің делегаты, осы съезде «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. 1980 жылы СССР халыққа білім беру ісінің озаты атанады.
Қырық жыл бойы жергілікті советтің депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі, бірнеше конференциялардың делегаты болды.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысымен шетелдік Лаос, Вьетнамнан келген делегаттарда танысты.
Қ.Бақбергеновтың көп жылдық педагогика саласындағы еңбегі бағаланып, 1987 жылы «Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген мұғалімі» деген құрметті атағы берілді.
Еңбек және Соғыс ардагері, Қазақ Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін - дербес зейнеткер. 2000 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасы тарапынан Қ.Бақбергеновтің ерекше еңбегі бағаланып, «Ғасыр директоры» атағы берілді.
10 қараша 2018 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930