» » БАЛАЛАР ТЕХНОПАРКІ

БАЛАЛАР ТЕХНОПАРКІ

Қазіргі таңда әлем елдері робототехника ғылымына ден қойып отыр. Жалпы, робототехника – роботтардың құрылысымен, жұмысымен, оған қоса оларды басқарумен айналысатын ғылыми технологияның саласы.ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð Ð¾Ð±Ð¾ÑоÑеÑника
Робототехника – автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым. Ол механика және жаңа технологиялар проблемасын жасанды интеллект проблемаларымен ұштастырады. Қазіргі таңда әлемде ғылымның бұл түрі үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Қазақстан да дамыған елдер қатарына қосылуда ғылыми-техникалық прогрестен шет қалмауы тиіс. Ол үшін заман сұранысына сай ақпараттық техника саласының мамандарын көбейту маңызды. Дүние жүзінде кең қолданыс тапқан ІТ-ды, робототехниканы меңгеруге талпынатын балалар қатары өте көп. Осының аясында аудандық оқушылар үйінде балалар технопаркі ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева және аудандық жастар орталығының директоры Ерхан Бақбергенұлы қатысты. ІТ мамандарды даярлауда бұл үйірменің маңызды рөл атқаратынын атап өткен аудан әкімінің орынбасары талапты жастардың қатары артатынына сенім білдірді.
Жаңа технологияның қыр-сырын білуге құмартқан әрбір жас ендігі жерде робототехника үйірмесіне қатыса алады. Бұл үйірмеде «3Д модельдеу», «Цифрлық білім беру бағдарламалары», «Робототехника» бағыттары жұмыс жасайды. Айта кету керек, «Легоробо» үйірмесінде балалар аптасына үш күн сабақ өтеді. Түске дейін он бала, түстен кейін он бала жетекшілерімен бірге робототехника ғылымының қыр-сырын меңгереді. Айта кеткен жөн, жуырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Ата-ана, мен және робот» атты отбасылық-танымдық чемпионатта Жалағаштағы үйірменің мүшелері үздік деп танылды. Робототехника саласына деген қызығушылықты анықтап, соған сай бағыт-бағдар беруді мақсат еткен сайыс үш кезеңді қамтыды. Бұл – біздің аудан үшін зор мақтаныш, ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі деуге болады. Балалар технопаркінің ашылуы алдағы уақытта осындай жеңістердің көбеюіне мүмкіндік беретініне сенім мол.

Н.АЛМАС,
М.АХМЕТОВ (сурет).
08 желтоқсан 2018 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31