» » Облыстағы 402 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

Облыстағы 402 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¼ÐµÐ¼Ð»ÐµÐºÐµÑÑÑк ÒÑзмеÑ

Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше.
Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік қызметші - жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс», - деп атап өткендей білікті қызметші - қоғам талабы болып отыр.
Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы халық мүддесіне қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудан басталады.
Ұлт жоспары 100 нақты қадамның 9-шы қадамында мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқытып, олардың кәсіби шеберлігін арттыру қажеттігі айтылған. Бұл тапсырма Қызылорда облысында да орындалуда. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының 183 мемлекеттік қызметшісі қайта даярланып, 402 мемлекеттік әкімшілік қызметші біліктілігін жетілдірді.
Сонымен қатар, 62 кент және ауылдық округтер әкімдеріне арналған «Өңірді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбында семинар өтті.
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру семинарларында мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды тақырыптар қамтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жетілдіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен тұрақты түрде жүргізілуде және үнемі бақылауда.

Ерлан Әлішеров,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

11 желтоқсан 2018 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031