» » КЕНТТІ КӨРКЕЙТУ КҮН ТӘРІТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

КЕНТТІ КӨРКЕЙТУ КҮН ТӘРІТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

Өткен аптада Кент әкімі Нұрлан Байымбет жергілікті тұрғындармен есепті кездесуінде жыл ішінде атқарған жұмысын қорытындылады.
Алдымен аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетте жүзеге асқан жарқын жобаларды тілге тиек етіп, оның жарқын көрінісін бір ғана Жалағаш ауданынан да байқауға болатынын жеткізді. Мұнан кейін аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Мәулен өсер өткен жылы өңірде орын алған қылмыстар мен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Тұрғындар кенттің кейбір аймақтарына учаскелік пунктер қажеттігін салса, М.Өсер кентке кіре беріс көшесіне бейне бақылау керек екенін ескертті. Сондай-ақ, бірқатар жұмыс жасап тұрған бейнебақылау камераларының да сапасы нашар екенін жеткізді.
Мұнан кейін аудан әкімі кентке қарасты 6 учаскелік полиция қызметкерінің жұмысын саралады. Байқасақ, тәртіп сақшылары өткен жылы үлкен жұмыстар атқарған. Бірақ, бұл мұнымен қылмыстар саны шектеледі деген сөз емес. Мәселен, кентке қарасты учаскелік полиция қызметкерінің бірі былтыр тұрғындарды үлкен шығынға батырған мал ұрлығын ашты. Осы ретте учаскелік полиция қызметкерінің өз ісіне жауаптылығын айта кеткен жөн. Биыл да осындай тындырымды жұмыстардың куәсі боламыз деген ойдамыз. Аудан әкімі де тәртіп сақшыларына үлкен сенім артты.
Есепті кездесуде қоғам қауіпсіздігі мақсатында атқарылған жұмыстардан кейін кенттегі тындырымды тірліктер әңгімеге арқау болды. Жасалған жұмыстарға тоқталған Н.Байымбет биыл да Жалағаш кентінде жарқын жобалардың жүзеге асатынын жеткізді. Тұрғындар да өткен жылды ауданның үлкен жетістікпен қорытындылағанын жасырмады. Соның ішінде Жалағаш кентінде де жол, жарық мәселесіне қатысты бірқатар шаралардың жүзеге асқанын айтқан жұртшылық ризашылықтарын білдірді.
Расында, биыл Жалағаш кентінде ілкімді жобалар жүзеге асты. Бірқатар көшелер толықтай асфалтталып, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жанданды. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары да өз деңгейінде ұйымдастырылса, биыл осы бағыттағы шаралар қарқын алмақ. Енді қорадағы төрт түлігін жайылымға иесіз жіберетіндердің малдары кенттің көркіне нұқсан келтіретін болса, малы қамауға алынып, иесіне айыппұл салынады. Бұрын да бұл жұмыстар бар болатын. Ал, биыл қамаудағы малдың жем-шөбін бір кәсіпкер қамтамасыз етеді. Бұрын мал иесі айыппұл төлеумен шектелсе, енді оған қоса кәсіпкерге жем-шөптің шығынын тағы өтеп береді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың малын қараусыз жіберуін тежейтін көрінеді.
Есепті кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өткен жылы ауданда жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, биыл да бірқатар шаралардың қолға алынатынын жеткізді. Мәселен, биыл кент орталығынан аудандық аурухананың құрылысы қаланса, мамыр айында имандылық үйі пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, кентті газдандыру жұмыстары да осы жылы басталатынын жеткізді. Ал, тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар мәселе кезең-кезеңімен жүзеге асатынын айтып, кентті көркейту жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін тілге тиек етті.

«Жалағаш жаршысы» газетінің
тілшілер тобы.
22 қаңтар 2019 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 123

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 80

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 101

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031