» » Ертең «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезі өтеді

Ертең «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезі өтеді



Бұл оқиға партияның 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін бес бағыт бойынша панельдік сессия өтеді. Ал негізгі жиын ертеңге жоспарланған. Онда партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы көтерген бес әлеуметтік бастама аясында жүргізілген жұмыстар сараланады. Съезге 2 мыңға жуық делегат қатысады. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, қарапайым жұмысшылар мен бизнес өкілдері және жастар бар. 
Гүлмира Ешкеева, «Нұр Отан» партиясы Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары:
 - Съезд қарсаңында ертең 5 тақырыптық пленарлық сессия өтеді. Солардың бірін біз ұйымдастырамыз. Сессияға Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысынан және алматылық делегаттар қатысады. Партия жарғысына енгізуге ұсынған өзгерістер талқыланады және партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы ұсынылатын болады.

Дереккөз: 24.kz

26 ақпан 2019 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930