» » «Байқоңырдан» ұшырылған жүк кемесі ХҒС-қа рекордты уақытта жетті

«Байқоңырдан» ұшырылған жүк кемесі ХҒС-қа рекордты уақытта жетті

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Прогресс МС-11» жүк тасымалдау кемесі 3 сағат 21 минуттан кейін Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейғарыш» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, «Прогресс МС-11» ХҒС-қа жасалған ұшырылымдар тарихындағы ең жылдам ғарыш кемесі болып отыр. Бұл, басқарылатын космонавтика үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұған дейінгі рекорд «Прогресс МС-09» кемесіне тиесілі. Оның ХҒС-пен түйісу уақыты - 3 сағат 40 минут.
«Прогресс МС-11» тасымалдау кемесі ХҒС-қа 2,5 тоннадан астам әртүрлі жүкті жеткізді: 1,4 тоннадан артық құрғақ жүктер, 900 келі отын, 420 келі су, 47 келі баллондағы ауа мен оттегі. Сондай-ақ олардың арасында ғылыми құралдар-жабдықтар, экипаж мүшелеріне арналған азық-түлік контейнерлері, киім-кешектер, медициналық препараттар және гигиеналық заттар бар.
05 сәуір 2019 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30