» » ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ БОЙЛАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ

ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ БОЙЛАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ

Отансүйгіштік, прагматизм, туған жерге тағзым ету, мәдени мұраларға құрметпен қарай отырып, тарихымызды қастерлеуге кейінгі ұрпақты баулу біздің буынның басты міндеті деп есептеймін. Біз бұл ұғымдарды өскелең ұрпақ бойында қалай жаңғыртамыз? Бұрын отбасы тәрбиесі арқылы бұл процестің барлығы қарапайым тұрмыстық өмірде жүзеге асатын. Әрине, оған елдегі барлық отбасының ілесуі мүмкін емес. Дегенмен, елдің ертеңі үшін тек экономиканы нығайту қажет деген ойдан арылып, рухани тұрғыдан да ақсап қалмау қажеттігін жадымыздан шығармаған абзал. Мемлекеттің кемел келешегі деп білетін бүгінгі жастардың бойын­да мұндай қасиеттерді қалыптастыру үшін өткенді ұлықтап, бабаларымыздың бізге осындай байлықты аманаттау жолындағы ерлігін дәріптеуіміз қажет.
Біз өткенге көз жүгірту арқылы қазақ деген қайсар елдің кемеңгерлігін, ержүректігін, намысшыл жұрт екенін аңғарамыз. Елбасы айтқандай, тарихта қазақ ұялатындай ешнәрсе болған жоқ. Рас, небір зұлмат жылдар мен қиын-қыстау кезеңдерді ел басынан кешірді. Бірақ мойымады, кеудедегі тәуелсіздікке деген ұлы мұрат жұртымның бүгінгідей кең байтақ жерде шат-шадыман күн кешуіне сеп болды. Қазір еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ бас­ты. Енді Елбасы айтқандай, мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық болуы тиіс. Мұны Тұңғыш Президентіміз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да қуаттайды.
Тәуелсіздік жылдары тарихымызды түген­деуде, кемел келешек үшін тер төккен батыр бабалардың өмір жолын дәріптеуде үлкен іс жасалды. Бұны біздер үшін де, өскелең ұрпақ үшін де рухани жаңғырудың тиімді тетігі деп есептеймін. Тіпті, өткенді ұлық­тап, өшкенді қайта жандыру үшін мемлекет бір емес, бірнеше арнайы бағ­дарлама жасады. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында­ Қазақстан аумағындағы та­ри­хи-мәдени ескерткіштер мен ны­сандардың қайта жаң­ғы­руы қолға алынғаны жарқын жоба­лардың жемісі іспетті. Ал, 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы ар­қылы қыруар іс тынды. Әлем­нің ең белді архивтерінен төл тари­хымызға қатысты құжат­тар­ды жүйелі түрде жинап, зерттеуде сапалы жұмыс жасай алдық деп білемін.
Мұның бәрі Елбасының сарабдал саясатының арқасында келешек үшін қолға алынған шаруалар. Тұңғыш Президент бағ­дар­ламалық мақаласында осының бәрін баяндай отырып, енді алда мұнан да ауқымды және іргелі жұмыстарды жүзеге асыру міндеті тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ жауапкершілігі жоға­ры біртұтас ұлт болу үшін бола­шаққа қалай қадам басатынымызды, бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз жайында өзі­нің көз­қарасын барша қазақ­стан­дық­тармен бөлісті.
Елбасы бүтін бір мақала арқылы әлі де тарихымызды тү­ген­деуге сара жол салып берді. Мемлекеттің келешегі үшін маңызды мақала бол­ғандықтан мұны жалпы жұрт саяси құжатқа балады. Бұл – бағдарламалық мақалаға бе­ріл­ген лайықты баға. Тарихына терең бойлаған елдің азбайтынын бізге түсінетін уақыт жетті.

Жанғабыл ИБРАЕВ,
аудандық архив басшысы.


27 сәуір 2019 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031