» » АНАЛАР АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

АНАЛАР АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев көпбалалы аналарды қабылдап, "Алтын" және "Күміс" алқа иелерін марапаттады.
Бүгінгі қоғамдағы шаруашылықтың қай-қайсысында болсын әйел қолының таңбасы барына сүйсінесің. Әлбетте, бұл – жаңа заманның тың талаптарының көрінісі. Әйелдердің қабі­леті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, ең­бек­­­­қорлығы мен таланттылығы қашаннан жо­ға­­ры бағаланады. Қай істі болсын ұршықша иіріп әкететін олардың тындырымдылығы, тия­нақ­ты­лы­ғы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де әйел қадірін еселей түскендей. Олар ұрпақ тәрбиесімен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркениетті ел болуы жолында еңбек етіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.
– Көпбалалы отбасы – бе­ре­ке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көпбалалы отбасында дүниеге келген. Тәңірдің бізге ұсынған үлкен сыйы – тәуелсіздік болса, басымызға қонған осы бақ­тың­ ­баян­­­­­­­­­ды болуына әйел-ана­лардың қосар үлесі қомақты. Бұл – ең бірінші, ұрпақ тәрбиесіне, ана өнегесіне қатысты айтылған сөз. Оның ішінде алтын құрсақты аналарымыздың орны ерекше. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 328 көпбалалы ана "Алтын алқа", 609 ана "Күміс алқа" иеленген. Ал, 67 ана І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталса, оның ішінде 64 Батыр ана бар, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудан әкімі көпбалалы аналарға ҚР Прези­дентінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №14 Жарлығы бойынша "Алтын" және "Күміс" алқа наградаларын табыстады. Сондай-ақ салтанатты жиын соңында кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев жылы лебізін білдіріп, ана­ларға ақ батасын берді.
27 сәуір 2019 ж. 83 0