» » Елбасы Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты

Елбасы Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша жұртты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
– Бабаларымыз бірліктің арқасында барлық қиындықты еңсеріп, біз үшін осындай Ұлы даланы сақтап қалды. Біз бірге олардың арманын орындап, тәуелсіз Қазақстанды құрдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы заманауи Қазақстан барлық жетістікке қоғамдағы бірліктің арқасында қол жеткізгенін атап өтіп, бәрін бейбіт өмір мен тұрақтылықты бағалауға және сақтауға шақырды.
– Біз – бақытты халықпыз. Бірлігімізді сақтап, тәуелсіздігімізді құрметтеуіміз керек. Даму бағдарламаларымызды жүзеге асыру еліміздің болашағын одан әрі жарқын ете түседі, – деді Тұңғыш Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемде этносаралық қақтығыстардың салдарынан туындайтын қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге тоқталды.
– Әр үйге, әр отбасына береке, бақыт, амандық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін. Мейрамдарыңызбен! – деп түйіндеді Елбасы.
01 мамыр 2019 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30