» » ЫНТЫМАҚ ЖҮРГЕН ЖЕРГЕ ЫРЫС үйір болады

ЫНТЫМАҚ ЖҮРГЕН ЖЕРГЕ ЫРЫС үйір болады

Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты қағиданы атадан балаға мирас етіп қалдырды. Содан да болса керек, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері кең байтақ қазақ даласында жаңаша өмір ағыны бір арнаға түсіп, елдің ертеңіне деген берік сенім орнығып келеді. Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігінің жемісі.

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған этнос өкілдері Қазақстанды достық пен татулықтың шынайы мекені деп қабылдап, жатсынған емес. Ұлтаралық татулықты нығайтуда елі­міздегі әрбір ұлт өкілі үлес қосып отыр. Қазақ халқының кеңдігіне, қонақ­жайлылығына риза болған өзге ұлт өкілдері Қазақстанды ортақ ­Ота­ны­­­­­­мыз деп санайды. Жері кең, көңілі дархан ел оларға өз Отанынан артық болмаса, кем емес. 130-дан астам ұлт өкілі мекен ететін егемен ел өз береке-бірлігімен, тату-тәтті өмірімен көпке өнеге десек те артық айтқандық емес. Біздің аудан халқы да 17 ұлттан құралған. Олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, жақсы қарым-қатынаста күн кешуде.
Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі бекем, достығы берік ұлттар мен ұлыстар қазақ халқының салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Дана халықтың қонақжайлылығы мен бауырмалдылығын ерекше бағалай­тын этнос өкілдері бірлік болмай тірлік болмайтынын жақсы біледі.
Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесіне айналған 1 мамыр – Қазақстан хал­қының бірлігі күні орталық алаңда кең көлемде аталып өтті. Алдымен, мерекелік шараға жиылған жұрт­шылық орталық алаңда көрініс тап­қан түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағам­дарынан дәм татып, көрмеге қойылған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Ұйымдастырушылар қазақтың жал-жаясынан бастап, бауырсағына дейін алып келген. Соның ішінде, барлық ұлттың сүйікті тағамдары мен ұлттық сусындары да дастарқан үстінен табылды. Осылайша, жалағаштықтар бірлікті дәріптеген шараны көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Одан әрі сән-салтанаты жарасқан мерекелік кешті Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрлеп, көпшілікке сахналық қойылым ұсынды. Мұнда әр ұлттың өнері мен билері де көрініс тапты. Бұл мерекелік думанда ән мен би, сән мен салтанат, салт пен дәстүр қатар өріліп, халық достығының көрінісі айқындалды.

Н.ҚАЗБЕКОВ.


03 мамыр 2019 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 215

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930