» » КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЙҒАН ӨҢІР

КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЙҒАН ӨҢІР

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Мұндай мол мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін іскер азаматтар өз кәсібін бастап, қолға алған ісін дөңгелетіп отыр.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Аудан бойынша 2018 жылдың қорытын­дысымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны – 2300 бірлікті құрап, оның 83,2 пайызы жұмыс жасауда. Тоқтап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 593-тен 386-ға азайды. Яғни, 207 бірлігі заңға сәйкес жабылды немесе жұмысын қайта жалғастырды. Ал биылғы жылдың 1 сәуірі бойынша 2279 шағын және орта кәсіпкерлік субъектіcі тіркеліп, оның 87,4 пайызы нақты жұмыс жасап тұр.
Мәселен, былтыр мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 294 кәсіпкер 3 млрд 149 млн теңгеге қаржыландырылған. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 9 жоба 459,6 млн теңгені құраса, оның ішінен 5 жоба 90,4 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді. Яғни, 5 кәсіпкерге «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қоры арқылы кепілдеме жүргізілді. Биылғы жылдың 1 тоқсанында мемле­кеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 11 кәсіпкер 256 млн теңгеге оң қорытындысын алған.
Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы жеке кәсіпкер С.Айнабаеваның балабақша сатып алу жобасы, жеке кәсіпкер Д.Дүйсебаева мен «Таң ЛТД» ЖШС-ның айналым қаражатын толықтыру жобасы қаржыландырылған. Сонымен бірге аталған бағдарлама аясында несие алуға ауданның 6 кәсіпкері жалпы құны 505 млн теңгені құрайтын жобалардың құжаттарын өткізсе, «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында ауданнан 14 кәсіпкердің жобасы 60,5 млн теңгеге оң қорытынды алды. Жастарды кәсіпкерлік саласына тарту мақсатында ауданнан 13 жас кәсіпкердің жобалары «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына ұсынылып, оның ішінен 8 жастың 39 млн теңгені құрайтын жобасы мақұлданыпты. Алдағы уақытта мамандар «Бастау» бағдарламасы бойынша жастарды қысқа мерзімді оқу курстарына оқытуды да жос­парлап отыр.

АТА КӘСІП – ЕЛГЕ НӘСІП

Қызылқұмнан Қарақұмға дейін созылған киелі Жалағаш топырағы малға жайлы, жері құнарлы. Сондықтан болар ауыл жұрты ата кәсіпті қайта жандандыруға ниетті. Осы жылдың өзінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2 жоба 20 млн теңгеге және «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында 6 жоба 34 млн, «Игілік» бағдарламасы бойынша 2 жоба 7 млн теңге алды. Олар қазір өз кәсіптерін бастап, төрт түліктің басын көбейтуге кірісті.
Тағы бір айта кетерлігі, биыл жалпы құны 679 млн теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге аса бастады. Атап айтсақ, «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы, Г.Исахановтың цехы, М.Көптілеуовтің химиялық тазалау орталығы, «Жер Ана» ШҚ-ның 50 бас МІҚ малына арналған сүт фермасы, «АгроЛидерТаң» ЖШС-ның мал сою және ет бумалау цехы, М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы, Б.Мырзағалиевтың техникалық қызмет көрсету орталығы, Ж.Қазыбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені, жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алғашқы өңдеу цехы, М.Кәрбоздың 3 жылыжай кешені, Г.Бекетаеваның мал бордақылау алаңы және жылыжай кешені іске асырылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта Г.Исахановтың қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы, М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы, Ж.Қазыбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені іске қосылды.


ЖОБА ҰСЫН, ЖАС КӘСІПКЕР!

Биыл – жастар жылы. Осыған орай жастарды кәсіпке баулу, олардың жобаларын жүзеге асыру бағытында да мардымды шаралар қолға алына бастады. Наурыз айында «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына 13 жас кәсіпкердің жобалары ұсынылып, оның ішінен 8 жастың 39 млн теңгені құрайтын жобалары оң қорытынды алды.
Қазір, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасы негізінде кәсіпкерлерді оқыту жалғасуда. Бұған дейін үміткерлер үшін тестілеу ұйымдастырылып, емтихан қорытындысы бойынша 34 адам оқуға қабылданды. Оның 19-ы кәсіп бастауға ынталы жастар болып отыр.
Бұл «Бастауға» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және ісін кеңейтуге мақсат қойған жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер қатыса алатынын айта кеткен жөн. Қатысуға өтінім аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін «Бастау» жобасы бойынша оқыған 39 адамға сертификат табыс­талды. Оның ішінде 36-ы бизнес жобасын сәтті қорғап шыққан болатын.
Бұл палата кәсіп бастаушыларға жол сілтеп, шағын және орта бизнес мүдделері мен құқықтарын қорғап, отандық өндіріске қолдау көрсетіп келеді. Соның нәтижесі болса керек, шағын кәсіпкерлік субъектілердің саны артып, олардан өндірілетін өнім көлемі де ұлғайды.

БАЯНДЫ БАҒДАРЛАМА ЖЕМІСІ

Елімізде "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту", "Сыбаға" деген мемлекеттік жақсы бағдарламалар бар. Осы арқылы жұмыссыз азаматтар оқытылып, өз ісін бастауға мүмкіндік берілген. Былтыр «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 170 жоба 539,6 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 88 жоба, өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 58 жоба, аграрлы несие корпорациясы арқылы 24 жоба мақұлданды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында 39 жоба 134,3 млн теңгеге қаржыландырылды.
Сонымен қатар «Каз Агро Қаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы 11 шаруашылық 1 млрд 619,7 млн теңгенің техникаларын лизинг арқылы алды. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл» және «Сырдария-1» несие серіктестіктері арқылы мал және егін шаруашылығы бағытында 32 жоба 260,8 млн теңгеге қаржыландырылса, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «АгроЛидерТаң» ЖШС-ның мал сою және етін бумалау цехы 48 млн теңге қол жеткізді. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 жоба 43 млн теңгеге және «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында 5 жоба 22,5 млн теңге алды. Сонымен қатар өткен жылы жалпы құны 688,4 млн теңгені құрайтын 8 жоба қолдау тауып, қазіргі таңда кәсіпкерлік нысандары пайдалануға берілді.
Былтыр тіркелген 2300 кәсіпкерлік субъек­тілерінде 8932 адам жұмыспен қамтылған. 2017 жылдың қорытындысымен салыстырғанда жұ­мыспен қамтылған адам саны 450 адамға көбейіп, 5,3 пайызға артты. Биыл кәсіпкерлік субъектілерінің қатары артқанына байланысты жұмыспен қамтылғандардың да саны ұлғайды. Жоғарыда айтып өткен 8 жаңа кәсіпкерлік нысанның өзінде 84 жаңа жұмыс орны ашылды.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

14 мамыр 2019 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30