» » тіршілік нәрі – тән қуаты

тіршілік нәрі – тән қуаты

Аудан халық үшін таза су мәселесі толық шешімін тапқан саланың бірі десек­ те болады. Қазір, жергілікті тұрғындар орталықтандырылған су жүйесі арқылы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.
«Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі аудан көлемінде 15 елді мекенді, атап айтқанда, аудан орталығынан бөлек, Ақсу, Аққұм, Аққыр, Аламесек, Бұқарбай батыр, Жаңаталап, Жаңадария, Еңбек, Қаракеткен, Мақ­пал­көл, Мырзабай ахун, Мәдениет, М.Шәменов және Таң елді мекендеріне су жеткізетін бірден-бір коммуналдық орын. Есептеп қарасаңыз, 6461 тұрғын үй немесе 32 мыңнан астам адамды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы жалғыз ұжым осы ғана екен.
Аталған мекеменің атқарған ісі көп-ақ. Өткен екі жылдың аясында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» сәйкес Қаракеткен, М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліпті. Аталған бағдарлама арқылы былтыр Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл елді мекендерінің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары басталып, биылғы жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар биыл Жаңақоныс және Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен жобалық-сметалық құ­жаттарын дайындауға қаражат бө­лін­ген.
– Қазір Жалағаш кенті және Ақсу, Аламесек, Еңбек, Бұқарбай батыр, Жаңаталап, Таң, М.Шәменов, Қара­кет­кен елді мекендеріне тәулік бойы үздіксіз 24 сағат ауыз су таратылуда. Ал, Аққұм, Мәдениет, Мырзабай ахун елді мекендеріне тәулігіне 8-10 сағат, Аққыр, Жаңадария, Мақпалкөл ауылдарына тәулігіне 3-6 сағат ауыз су беріледі, – дейді өндірістік бөлімше басшылығы.
Байқағанымыздай, кентішілік су құбыры бойындағы қысымды бақылау және тұрғындардың үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында манометрлік зерттеу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Былтыр апатты деп танылған Нысанбай жырау көшесінің бойындағы ұзындығы 810 метрді құрайтын құбырға жасалған күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталған. Сон­дай-ақ биыл Өмірбай шешен, Нысанбай жырау, Жүргенов және Шоңбай ақын көшелерінің су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін қар­жылық құжаттары дайындалып, бюд­жеттік өтінімге енгізіліпті.
Тағы бір маңызды жайт, ауыз суды үнемдеу мақсатында тұрғындарға күн­делікті тұтынар суды тек қана есептеу құралы арқылы пайдалану қажеттілігі үнемі хабарланып отырады. Сондай-ақ бөлімшеде арнайы құралды орнату үшін бригада жасақталып, қажетті жұмыстарды өз деңгейінде атқаруда. Нәтижесі жаман емес. Оған мысал 2017 жылғы көрсеткіш бойынша тұрғындарға орнатылған есептеу құралы 10 процентті ғана құраса, былтыр ол көрсеткіш 28 процентке шыққан. Биыл бригаданың тынбай еңбек етуінің арқасында көрсеткіш саны артып, бүгінде 70 пайызға жуық тұрғын есептеуіш құрал орнатқан. Өндіріс бөлімшесі әлі де тұрғындарға рейд жұмыстарын ұйымдастырып, ауыз суды пайдалану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуден жалыққан емес. Алдын ала жөндеу және техникалық күтім жасау жұмыстарын кестеге сәйкес атқаратын бөлімше қызметкерлері су сапасын тұрақты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, көктем және күзгі мезгілінде санитарлық қызметкерлерімен бірлесе, барлық ішкі су тарату жүйелеріне және су сақтау қоймаларында залалсыздандыру жұмыстарын жүйелі жолға қойған.

Н.ЖАНҰЛЫ.

14 мамыр 2019 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 573

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031