» » Үздік үш оқушыға – шәкіртақы

Үздік үш оқушыға – шәкіртақы

«Туған жерге тағзым» республикалық акциясы аясында талай адам туып-өскен жеріне келіп, тағзым етуде. Бұл игі шара ауданда да әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Апта басында филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз ­Бауыржан Иманғалиев Жалағаш жеріне ат басын тіреді.
Аудандағы іргелі білім ошағының бірі Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей мұғалімдері, оқушылар және жастар ресурстық орталығында жалағаштық жастармен кездесті. Шарада мектеп оқушылары қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов туралы қойылым қойып, жас ақындар өз арнауларын оқыды. Білім ордасында жерлесіміз Бауыржан Иманғалиевтің пәндік олимпиада, ғылыми жобалардан жүлделі болып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген үш оқушыға шәкіртақы тағайындады. Педагог-ғалым Бауыржан Сәбитұлының Темірбек Жүргенов туралы зерттеулер жазылған жинағы мектеп кітапxанасына тапсырылды.
Ал аудан жастарымен өткен басқосуда жерлесіміз руxани жаңғыру, білім беру бағытында жасап жатқан еңбектерімен бөлісіп, жастардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Бауыржан Сәбитұлы туған жердің қаншалықты ыстық екенін, әрбір білім аламын деген жас болса қолдауға дайын екенін және аудандағы жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың жалғасын таба беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар аудандық жас­тар ресурстық орталығының директоры Ерхан Бақбергенұлы жиынға қатысушыларды жастар жылы аясында жасалатын жұмыстармен таныстырып, арнайы бағдарламалар легінен хабардар етті. Аудан жастарына арналған «Cowоrking» орталығынының кітап бұрышына жүргеновтанушы-ғалымның қайраткер туралы зерттеулер жазылған жинағы қойылды. Кездесу соңында Бауыржан Иманғалиевке мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған мерейтойлық медалін табысталды.
Айта кетейік, туған жеріне табан тіреген жерлесіміз бұған дейін Мәдениет және Аққыр ауылдарында болып, мектеп оқушыларымен кездес­кен болатын. Онда ауылдағы ағайынмен емен-жарқын әңгімелесіп, еркін сұхбат құрды.

Н.АЛМАС.

18 мамыр 2019 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930