» » Әлеуметтік желі арқылы діни араздық тудырған байқоңырлық тұрғыны ұсталды

Әлеуметтік желі арқылы діни араздық тудырған байқоңырлық тұрғыны ұсталды

Байқоңыр қалалық сотында әлеуметтік желі арқылы тұрғындардың арасында діни араздық тудырған байқоңырлық азаматқа сот үкімі шықты. 
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың маусым айында Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 32 жасар тұрғыны, ғаламтордағы «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасы арқылы деструктивті діни ағымның идеологтарының халық арасында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарын таратумен айналысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша осы азаматқа қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын.
27 ақпан 2019 жылы Байқоңыр қалалық сотымен құқықбұзушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеліп, пробациялық бақылауға алынды.


22 мамыр 2019 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930