» » СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Кешегi би – бүгiнгi судья. Мыңдаған жанның тағдыры мен дауын шешiп, олардың құқығы мен бостандығын қорғайтынын ескерсек, ол шығаратын шешiмдердiң әдiлеттiлiгiне қарап, соттың бағасын халық береді. Қазір сот жүйесі уақыт талабына сай іргелі өзгерістерді бас­тан кешіріп, өз ­дамуын­­­­да сапалық жаңа деңгейге көтерілді.

Аудандық сот залында сот жүйе­сіндегі жаңашылдықтардың негізгі баптарын түсіндіру бағытында семинар өтті. Оған аудандық сот төрағасы Асылхан Мизанбаев, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, облыс бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова, облыс бо­йынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ре­сус­тарды қорғау бөлімінің мең­ге­рушісі Шыңғыс Аманқұлов, «Бітім» медиация орталығының директоры Ләззат Бақтыбаева, аудандық билер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов және мекеме, бөлім қыз­меткерлері қатысты.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақ­стан­­­­ Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүкте­ме­сін оңтайландыру және қылмыстық заң­наманы одан әрі ізгілендіру мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заң 2019 жылдың 3 ақпанында заңды күшіне енген болатын.
– Бұл Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағыт­тал­ған түзетулер енгізілді. Заңнама негізінде жалпы түзетулердің бес тобын қарастырады. Жалпы айтқанда мұндағы өзгерістердің барлығы мен­шік құқығын қорғауды күшейту, төре­лік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруге серпін беріп қана қой­май, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға және сот төрелігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді, – дейді сала мамандары.
Судьяларға елдің сенімі мен артып отырған үміті үлкен мәртебе, сонымен бірге асқан зор жауапкершілік жүктейді. Сол сенім мен жауапкершілік биігінен көріну жолында үнемі ізденісте болып, білімін жетілдіріп келеді. Қазіргі кезде сот саласында да заманауи үлгідегі ақпараттық технология­лар қолданылады. Ондағы қызметтің барлығы ашық әрі жария түрде жүзеге асырылады. Мұны жиынға қатысқан сот өкілдері жеткізді.

Н.ЖАНҰЛЫ.


25 мамыр 2019 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30