» » Қасиетті Қадір түніне орай 764 адам түрмеден босатылмақ

Қасиетті Қадір түніне орай 764 адам түрмеден босатылмақ

Рамазан айында Түркіменстанда рақымшылықтың арқасында 764 адам бостандыққа шықпақшы. Ел президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойған деп Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

"Рақымшылық жариялау арқылы біз жасаған ісіне өкінген азаматтарға жаңа өмір бастап, кінәларынан арылуға мүмкіндік береміз", - деп мәлімдеген түркімен президенті.

Мемлекеттік баспасөздің хабарлауынша, Бердымұхамедов жергілікті билік органдарына түрмеден рақымшылықпен босап шыққандарға жұмыс тауып беруді тапсырған.
Орталық Азия елдері арасында Түркіменстан жан басына шаққанда ең көп тұтқын ұстап отыр.
2006 жылдың аяғында Гурбангұлы Бердымұхамедов билікке келгелі бері түрлі мерекелерге орай рақымшылық жариялау дәстүрі қалыптасқан.



https://kaz.nur.kz
31 мамыр 2019 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031