» » ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ШАРАЛАРЫМЕН, САЯХАТПЕН 5392 БАЛА ҚАМТЫЛАДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ШАРАЛАРЫМЕН, САЯХАТПЕН 5392 БАЛА ҚАМТЫЛАДЫ

Республикамыздың барлық өңірінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Мерекелік салтанатты шеруге балалар әуез мектебі, оқушылар үйі және кент орталығындағы мектеп оқушылары қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, айтулы мерекемен аудан бүлдіршіндерін құттықтады.
- Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қазірден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, -деді аудан басшысы.
Мерекелік шарада аудан басшысы жетістікке жетіп жүрген, көп балалы отбасының оқушыларына, атап айтқанда 482 оқушыға «Ақтерек» сауықтыру лагеріне, 120 оқушыға Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагеріне, 60 оқушыға Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа, 15 оқушыға Тараз қаласындағы «USTUDY» лагеріне жолдама тапсырды.
Айта кету керек, оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында 2019 жылы 1-10 сынып аралығындағы 6349 баланың жазғы демалыспен, саяхатпен 5392 бала, яғни 84,9 % қамтылады деп жоспарлануда.
03 маусым 2019 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031