» » Петропавлда әкімдік қызметкерлері 9 пәтерді заңсыз иеленіп алған

Петропавлда әкімдік қызметкерлері 9 пәтерді заңсыз иеленіп алған

Петропавлда әкімдік қызметкерлерінің 9 пәтерді заңсыз иеленіп алғаны анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті Петрпавлдың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу инспекторы, сонымен қатар олардың жұбайларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 
«Тергеу аталған тұлғалардың тұрғын үйлердегі мәжбүрлеп иеліктен шығаруға тиесілі пәтерлерді иеленіп алғанын анықтады. Олар 9 пәтерді заңсыз иеленіп, оларды үлестес тұлғалардың атына рәсімдеген», - делінеді хабарламада. 
Осылайша, мемлетке келген шығын 96 миллион теңгені құраған. 
«17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының аппеляциялық соты Өмірсейітова, Есетованы 6 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Олардың сыбайластары – Өмірсейітованың күйеуі мен Есетованың азаматтық некедегі күйеуі де 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркеленді», - дейді ведомстводағылар. 

stan.kz
05 маусым 2019 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30