» » Головкин маңызды кездесудің алдында жанкүйерлеріне үндеу жолдады

Головкин маңызды кездесудің алдында жанкүйерлеріне үндеу жолдады



Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның rанадалық қарсыласы Стив Роллс Нью-Йорктегі кездесу алдында ақтық салмақ өлшеу рәсімінен өтті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Головкиннің салмағы 163 фунтты (73,93 килограмм), Роллс — 163,8 фунтты (74,3 килограмм) көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек аралық салмақта өтеді. Бұған дейін Геннадий тек 160 фунт салмақта бокстасқан еді.

GGG өлшеуден кейін Instagram парақшасында жанкүйерлерге үндеу жолдап, былай деді:

"Салмақ өлшеу аяқталды. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рақмет, ертең көрісеміз!", - деп жазды ол.

Головкин-Роллс кездесуі 9 маусым күні, таңертең, Madison Square Garden алаңында өтеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00-ден кейін басталады. Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді "Qazaqsport" және "Qazaqstan" телеарналары арқылы тікелей эфирде көре алады.




https://kaz.nur.kz
08 маусым 2019 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30