» » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – кәсіпті жандандыратын қадам

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – кәсіпті жандандыратын қадам


Облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында «Бас­тау» жобасы негізінде оқыған 21 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды.
«Бастау» жобасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту­дың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады. Бұл жобаға қатысу үшін ниет білдіруші азаматтар аудан әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту орталығына немесе өзі тұратын ауылдық округ әкімшілігіне өтініш беріп, әрі қарай палатаның филиалына жолданады. Бұған дейін үміткерлер үшін тестілеу ұйымдастырылып, емтихан қорытындысы бойынша 34 адам оқуға қабылданды. Оның ішінде он тоғызы кәсіп бастауға ынталы жастар болып отыр. Оқуға қатысушыларға бизнес-тренер Арыстан ­Молыбаев дәріс беруде.
Айта кеткен жөн, «Бастауға» жұмыс­сыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және өз ісін кеңейтуді көздейтін кәсіпкерлер қатыса алады. Оқуға өтінім беру ауыл әкімдігі мен аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады. Жуырда палатада оқыған 21 адамның барлығы 252 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды.
– Алдымен оқуға ниет білдірген аза­маттардың кәсіпкерлік әлеуетін анықтау мақсатында тесттен өткізеді. Сынақтан өткендер жобаның қатысушысы болып табылады және бұл азаматтар әрі қарай бір ай мерзім көлемінде кәсіпкерлік негіздеріне қатысты арнайы оқытылады. Оқуды аяқтаған соң жоба қатысушыларына сертификат беріледі. Сертификат екі түрлі. Аудандық, облыстық комиссия алдында бизнес-жобасын сәтті қорғай алған жағдайда жобаны бітіргендігі жөнінде, ал комиссия алдында жобасын қорғай алмаған жағдайда оқуға қатысқандығы жөнінде сертификат беріледі, – дейді кәсіпкерлер палатасының мамандары.
Бұған дейін «Бастау» жобасы бойынша оқыған 39 адамға сертификат табысталып, бизнес жобасын сәтті қорғап шыққан болатын. Ал оқу курсын жуырда ғана аяқтаған кәсіпкерлер бизнес жобасын қорғап, қажетті құжаттарын жинақтауда.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
11 маусым 2019 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30