» » Тәжірибе алмасқан күн

Тәжірибе алмасқан күн

Көрші Сырдария ауданында жаңа медиаға негізделген семинар өтті. Жақында Алматы қаласында XVI Еуразиялық медиа форум өтіп, оған «Сыр медиа» ЖШС-нан бір топ журналистер қатысқан болатын. Сырдариядағы семинардың басты мақсаты да осы форумға қатысушылармен тәжірибе алмасу.

«Жаңа медиа – заман талабы» тақырыбына арналған семинарды «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов ашып, журналистиканың даму үрдістері мен болашағын жоспарлау және коммуникация индустриясы бағытында сөз қозғады.
Алматы қаласында өткен XVI Еуразиялық медиа форумға қатысқан «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы Азиз Батырбеков өз тәжірибесімен бөлісті. Ол баяндамасында ақпараттық қоғамның же­дел дамуына, журналистің рөліне, жаңа медианың талаптарына тоқталды. Жаһанда жаңа медианың серпін алғанын және дәстүрлі журналистикадағы өзгерістерді айтып, газет пен оның сайт жұмысы және тілшілердің біліктілігін арттыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Мұнан кейін мінберге көтерілген «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Ердос Беркінбаев форумның маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге жедел даму үдерісіндегі ақпаратты уақытылы жеткізу – заман талабы екенін тілге тиек етті.
Семинарда "Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторы Сәуле Ерімбет пен қос басылымның журналистері өз ойларын ортаға салды.
Жалпы, жиын барысында сандық дәуірдің дәурені мен бүгінгі әлемдегі ақиқат трансформациясы, масс-медианың сын-қатерге жауап­ беруі, әлеуметтік желімен жұмыс, заманауи журна­лис­тиканың өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары осы процестің көшбасшысы болуы тиіс екені сөз болды.
Семинарға қатысушылар алдағы уақытта ұжым­аралық байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдыру қажеттігін жеткізді.

Е.СОЗАҚБАЕВ.
11 маусым 2019 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30