» » Президентті ұлықтау рәсімі бүгін өтеді

Президентті ұлықтау рәсімі бүгін өтеді

Тоғызыншы маусым күні өткен президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Дауыс беру нәтижесі бойынша ол 70,76% жинап, өз қарсыластарын басып озған. Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:30-да халық таңдаған жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі өтетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

KAZ.NUR.KZ салтанатты шарадан тікелей трансляция жасайды.

1995 жылдың 26 желтоқсанындағы "Қазақстан президенті" жөніндегі Конституциялық заңға сәйкес, мемлекет басшысы өз қызметіне халыққа ант берген сәтінен бастап кіріседі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн" , - деп айтуы тиіс президент.
Республика Президентi ант мәтінін салтанатты шарада мемлекеттiк тiлде айтады. Артынан мемлекеттік әнұран шырқалады.



12 маусым 2019 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30