» » » Алданып қалмаудың амалы

Алданып қалмаудың амалы

Бүгінде өмірімізді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ал олардың өндірушілері күн сайын жаңаларын жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон алу – көптеген адамдардың арманы, тіпті кейбіреулер ол үшін банктен несие алуға дайын. Ал сол телефон сынып қалса, өте өкінішті.

Ал бұл ретте тұтынушылар аталған келеңсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды. 
Мұның бәрі тұтынушылардың көбіне сауда жасаған кезде сатып алынғанын растайтын құжаттарды алмауынан болады. Түбіртектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз-өзіне мәселе тауып береді. Түбіртекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден түбіртек – сіз телефонды дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет. 
Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті түбіртек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен, чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сондай-ақ тұтынушы басқа ұйым жүргізетін телефонды жөндеуге ақша төлеуді немесе ақаулы телефонның құнын қайтаруды талап ете алады. Бірақ осылардың біреуін таңдауы қажет. Сонымен қатар телефонның ақаулы екенін және сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеуіңіз керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады. 
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз! 

Қазақстан Республикасы Сауда және 
интеграция министрлігінің Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда 
облысының тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті
24 сәуір 2020 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930