» » » "Халық заңгері" тегін құқықтық кеңес береді

"Халық заңгері" тегін құқықтық кеңес береді

«Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2020 жылы ай сайын облыс көлеміндегі барлық аудандарда және «Антикор орталығының» ғимаратында «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауда.
Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өткен жылы республика бойынша «Параграф» ақпараттық жүйесі және «Закон KZ» желісімен бірлесіп өткізілген бірыңғай республикалық «Халық заңгері» акциясы 18 мыңнан аса азаматтарды қамтып, 2500-ден аса мемлекеттік органдар мен сарапшылардың, азаматтық қоғамның тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етті.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына, ағымдағы жылдың 6 айында облыс көлемінде жалпы 300 ден аса азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тегін құқықтық кеңестер алды.
Аталған шаралар Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамда «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны азаматтардың оң пікірі мен алғысын алып, болашақта халық пен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы арасындағы біріктіруші «көпір» болуға мүмкіндік беретін іс-шара ретінде көрінуде.
Қазіргі уақытта, карантиндік жағдайға байланысты бұл шара онлайн форматына ауыстырылды.
Осыған орай, бұл дәстүрлі науқан онлайн форматында «Антикор оратығы» ғимаратында ай сайын тұрақты түрде жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, заң саласының танымал мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады және шараның өтетін уақыты, қай сала өкілінің қатысуымен өткізілеті туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ресми сайтында жариялануда.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.
11 маусым 2020 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31