» » » «ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ - ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!

«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ - ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 21 мамырынан 30 қараша аралығында республикалық  «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал» акциясын жариялады.
    Акция электронды форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі.  Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға қолма қол ақшамен есептесу арқылы сатып алған тауары, алған қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
    Акция 2 деңгейде өткізіледі.
    Бірінші деңгей облыс, қалаларда осы жылдың 21 мамырынан бастап, ай сайын өткізіледі және келесі айдың 7-не дейін  Департаментте жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді.
    Екінші деңгейі үстіміздегі жылдың желтоқсан айында өтеді, республика бойынша  алдыңғы бірінші деңгейге қатысқан барлық түбіртектер ойнатылып, бас жүлде автокөлік және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.  Астана қаласы, Бейбітшілік көшесінде орналасқан ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ғимаратында тікелей түсірілім арқылы өткізіліп, жеңімпаздар туралы ақпарат «www.kgd.gov.kz»  сайтында жарияланады.
    Жалпы, бұл акция 2015 жылдан бастап Республика көлемінде   өткізіліп келеді.  2017 жылы, мамыр айының 1 нен басталып 30 қараша аралығынд өткізілген акцияда  белсенді тұтынушылар арасында жүздеген бағалы сыйлықтар ойнатылған болатын.     Бас жүлдеге тігілген отандық  Chevrolet маркалы автокөлігін желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізілген бағдарламалық кездейсоқ таңдау жолымен шығыс қазақстандық тұтынушы ұтып алған.
     Қаншалықты көп чек жіберсеңіз - жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. Сондықтан, Қызылорда облысының тұрғындарын «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал»  акциясына қатысып, сыйлықтарды, бас жүлде - автокөлікті ұтып алуға шақырамыз!

    Сәкен МЫРЗАБЕК,
    Қызылорда облысы бойынша
    Мемлекеттік кірістер департаментінің
    басқарма басшысы
18 мамыр 2018 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 262

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930