» » » САЛЫҚ ТӨЛЕМГЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

САЛЫҚ ТӨЛЕМГЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Салық кодексінің 24-ші бабы 15-ші тармақшасына енген өзгерістерге байланысты, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік төлемдер мен салық берешегі бар салық төлеушілерге банк шоттарын ашпайтынын хабарлайды.
Бұл өзгеріс, корреспонденттік шоттар, сондай-ақ Мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі" заңына сәйкес жасалған шарты бойынша білім беру жинақтау салымының шоттарына ғана жүргізілмейді.
Салық берешегі бар тұлғаның, банктерде шот ашуға, аударымдар жасауға, сауда үйлерінде техниканы бөліп төлеуге, несие рәсімдеуге және тағы басқа операциялар жасауға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар, 1-ші шілдеден кейін жұмысқа орналасқан, салықтық берешегі бар қызметкерлер де жалақыларын ала алмайды. Себебі, қызметкерлердің жалақыларын аудару есеп шоттар арқылы жүргізіледі.
Салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің KGD.GOV.KZ сайтының «Салық берешегінің (бар) жоғы туралы мәліметтер» бөлімінен немесе электрондық Үкімет сайтынан http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексеруге болады.
Салық – халық несібесі демекші, халықтың салықтық мәдениетінің көтерілуіне әрбір азаматтың салықтық тәртібіне бағынуы тікелей әсер етеді. «Тәртіпке бағынған – құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, салықтық тәртіпке мойынсұнбау, жоғарыда көрсетілгендей, қоғамға емес – ең алдымен әрбір азаматтың өзіне зиян шектіреді.
Сондықтан, әрбір салық төлеуші бюджетке салықтық берешегіңіздің жоқ екендігін анықтап, ал егер бар болған жағдайда берешектің толық төленуі керектігін ескертеміз.
Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

04 тамыз 2018 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

№93 (9569)

26 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 472

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031