» » » «Аралтұз» бен «DALATEX»-ке дауыс берейік!

«Аралтұз» бен «DALATEX»-ке дауыс берейік!



Осы жылдың 12-13 қазанында Астана қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары - 2018» республикалық көрме байқауы өткізілген болатын. Аталмыш көрмеге әр өңірден 3 номинацияның жеңімпазы атанған 9 компаниядан қатысты.
Біздің өңір кәсіпкерлері де республикалық көрмеге қатысып, өнімдерін көрсетіп, таныстырып келді. Қызылордалық компаниялардың ішінде «DALATEX» ЖШС мен «Аралтұз» АҚ-ның өнімдері жоғары бағаланып, финалдық кезеңге жолдама алды.
Қазір шараны ұйымдастырушылар финалдық кезеңге жолдама алған компаниялар арасынан үздіктерді анықтау мақсатында онлайн-дауыс беру шарасын ұйымдастыруда.
Дауыс беру 25 қазанға дейін жалғасады!
http://altynsapa.kz/ru/golosovanie/ сайтына кіріп, біздің «Аралтұз» бен «Dalatex»-ке дауыс бере аласыз! Назар аударыңыз, дауыс беру үшін сайтқа тіркелу керек. Дауыс беру тегін! Әр аталымға бір дауыстан бере аласыз.
Таңдалған кандидатқа дауыс беру үшін:
«Дауыс беру» түймесін басыңыз. Экран бетіне шыққан ескертпеге «Тіркелу» түймесін басып, нөмір мен құпиясөзді теріңіз. Телефон нөміріңізге кодпен SMS-хабарлама келеді. Шыққан терезеге кодты теріп, «Жіберу» түймесін басыңыз. «Дауыс беру» түймесін басыңыз.
Жеке кабинетке кіріп «Дауыс беру» түймесін қайталап басыңыз. Дауыс беруді аяқтау үшін «Жеке кабинеттен шығу» түймесін басыңыз.
 Айта кету керек:
«DALATEX» ЖШС – 2016 жылы құрылған. Қызылорда қаласында орналасқан. Ерлер жейдесін өндіреді. Қуаттылығы: айына 11 мың дана ерлер жейдесін тігеді. 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тауарды тарату аумағы: Қазақстан және Ресей. 
«Аралтұз» АҚ – 1997 жылы құрылған. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде орналасқан. Тұз өнімдерін өндіреді. Қуаттылығы: жылына 500 мың тоннадан астам тұз өндіреді. 1213 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тауарды тарату аумағы: Қазақстан мен ТМД елдері.
Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
24 қазан 2018 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930