» » » Қызылорда облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін /ТМККК/ көрсететін жеке медициналық ұйымдардың саны артуда

Қызылорда облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін /ТМККК/ көрсететін жеке медициналық ұйымдардың саны артуда

Қызылорда обысы бойынша Әлеуметтік Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырысты алу туралы келісімшарт бекіткен 74 медицина ұйымымен келісімшарт бекітті. Оның 44-і – жеке меншік клиникалар. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткізілген брифингте филиал директоры Руслан Бектібаев мәлімдеме жасады.
Жеке меншік клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейді.  Атап айтқанда, стационарлық, емханалық-амбулаторлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсету және  оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек, стоматологиялық қызмет көрсетуде ерекше белсенділік танытып отыр.
Руслан Бектібаевтың айтуынша, Әлеуетті жеткізушілер дерекқорына Қызылорда облысы бойынша 91 медицина ұйымы енген болатын. Оның 32-і немесе 35%-ы – мемлекеттік, 59-і немесе 65%-ы – жеке меншік клиникалар. Яғни, мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке меншік клиникалар саны өткен жылмен салыстырғанда 11-ге артып отыр.
Ал, медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 41 777 640,8 мың. теңгені құрады (оның ішінде, мемлекеттік медициналық ұйымдармен – 37 818 127,4 мың. теңгені, яғни 90,5 % жеке меншік клиникалармен – 3 959 513,4 мың. теңгенің келісімшарты бекітілді, яғни 9,5%).
Негізінде, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қамтылған қызметтерді көрсететін жеткізуші-компанияларды аймақтық комиссия іріктейді. Комиссия құрамында Медициналық сақтандыру қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, пациенттер мен денсаулық сақтау нысандарының мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың және Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы өкілдері бар.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор ТМККК-ң операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай төлеуші болып табылады.
19 ақпан 2019 ж. 347 1

Jamal от 21 ақпан 2019 23:40
Pretty! This was an extremely wonderful post. Thank you for providing these details. generic viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9497)

21 наурыз 2019 ж.

№20 (9496)

12 наурыз 2019 ж.

№19 (9495)

07 наурыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031