» » » Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбындағы Көшпелі көрме жобасы өтеді

Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбындағы Көшпелі көрме жобасы өтеді

2019 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысында Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбындағы Көшпелі көрме жобасының кезекті кезеңі басталды.
Қор көрмесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасындағы көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы.Оған ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шара, сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша көшпелі экскурсиялар кіреді. Жоба аясында халықаралық ғылыми конференция, аймақтық кәсіби сессия, семинар-тренингтер, тақырыптық экскурсиялар, Қызылорда облысы бойынша көшпелі көрмелер мен экскурсиялар өтеді.
Көрме жобасы Қызылорда қаласындағы "Рухани жаңғыру" орталығында сағат 10.00-де жұмысын бастайды, онда  аймақтық музей қауымдастығының өкілдері үшін"мұражай саласындағы ақпараттандыру" ғылыми-практикалық семинар:  "Музей"АЖ есепке алу және сақтау бойынша автоматтандырылған жүйені енгізу бойынша тәжірибе алмасу өтеді.
Осы күні сағат 15.00-де Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі Мәдениет үйінде, сондай-ақ, 6 сәуірде сағат 14.00-де Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі Мәдениет үйінде "Тұңғыш" экскурсиялық концепциясы аясында көшпелі экскурсиялар мен көрмелер өтеді.
Көрме жобасының басты іс-шарасы 8 сәуірде 12.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтетін «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме қорының салтанатты түрде ашылуы болмақ.
Көрменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі  
Қ.Е. Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры А. М. Рахымжанов қатысады.
         Көрменің ашылу салтанатының алдында аймақ басшысы мен  Ә.М.Рахымжанов сағат 10.30-да Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және жастар белсенділерімен кездесіп, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасына барады.
Көрменің ашылу күні 8 сәуірде сағат 15.00-де  А.Тәжібаева атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапхана, мұрағат, мұражай саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер үшін «ашық кеңістік» "форматында «Елбасы Кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясы өтеді.
Сағат 19.00-де Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрында көрме жобасын іске қосуға арналған ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтеді.
9 сәуірде сағат 09.00-де Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайындасарапшылық қауымдастықтың, профессор-оқытушылар құрамының және өңірдің белсенді жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына  арналған  "Н. Назарбаев: болашақ бүгіннен басталады" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Осы жерде таңертеннен бастап Елбасының жеке кітапханасындағы "Әлем мойындаған көшбасшы"атты жинағынан кітап көрмесі өз жұмысын бастайды.
Сағат 15.00-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда қаласындағы филиалында Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры"мақаласын талқылау бойынша ғылыми-әдістемелік семинар басталады.
Сағат 09.00-ден 18.00 - ге дейін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Тарихи таңдау"; "Атамекен"; "Президентке құрмет – елге құрмет"; "Бір экспонаттың тарихы" атты тақырыптық экскурсиялар өтеді.
         10 сәуір күні сағат 15.00-де Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогтар мен оқушылар үшін "ЕлбасыН.А. Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялар" атты семинар-тренинг өтеді. Тыңдаушылар "Елбасытану" элективті курсынан өтеді, сондай-ақ "көшбасшылық қасиеттерді дамыту"семинар-тренингке қатысады.
Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы 2017 жылы қараша айында Алматы қаласында басталған. Осы уақытқа дейін көрме Шымкент қаласы, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Атырау облыстарында болып, көрмеге 730 мыңнан астап адам қатысты.
Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жобасы Қызылорда облысында 2019 жылдың маусымның ортасына дейін жалғсады.
02 сәуір 2019 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 123

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 80

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 101

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031