» » » ҰЛТТЫҚ конкурсқа құжат қабылдануда

ҰЛТТЫҚ конкурсқа құжат қабылдануда

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Қызылорда облысының қала, аудандарында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың 1 кезеңі өткізілуде.
Байқаудың мақсаты – отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және кеңінен дәріптеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін дәріптеу болып табылады.
Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтініш қалалық, аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі: ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2019 жылдың 10 сәуірінен 6 мамырына дейін Қызылорда қаласы және аудандарының әкімдіктеріне тапсырылады.
13 сәуір 2019 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031