» » » Әуесқой аңшылар назарына!

Әуесқой аңшылар назарына!

«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-сі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/158 бұйрығына 2017 жылы 11 мамырда №197 бұйрығымен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабының 1 тармағымен әкімшілік жауапқа тартылып, жеке тұлғаларға (5-АЕК) 12025 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (25 АЕК) 60125 теңге айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар, әрбір заңсыз олжаланған жануарлар мен құстарға төмендегіше табиғатқа келтірілген зиян өндіріледі.
(АЕК- айлық есептік көрсеткіш – 2405 теңге)
1.1-дана борсық үшін (10 АЕК) 24050 теңге.
2.1-дана қырғауыл үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
3.1-дана қоян үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
4.1-дана доңыз үшін (250 АЕК) 601250 теңге.
5.1-дана қарақұйрық үшін (400 АЕК) 962000 теңге.
6.1-дана түлкі үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
7.1-дана қаз үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
8.1-дана қасқалдақ үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
9.1-дана бөдене үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
10.1-дана үйрек үшін (5 АЕК) 12025 теңге.
11.1-дана серке киік үшін (500 АЕК) 1202500 теңге
12.1-дана ұрғашы киік, төлі үшін (350 АЕК) 841750 теңге.
Ескерту: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 жел­тоқсандағы №18-03/1058 бұйрығына сәйкес әрбір заңсыз олжаланған ересек жануарлар мен құстарға 1,5 коэффициент қосылады және төл­деріне немесе балапандарына 0,5 коэффициент қосылады.

С.Табынбай,
«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің
орман күзету және қорғау жөніндегі орман патологы
инженері.
13 ақпан 2018 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031