» » » Су айдындарын таза ұстайық

Су айдындарын таза ұстайық


Адамзат өміріндегі өзіндік ерекше орны бар саланың бірі – балық қоры.
Жыл басынан бері республика көлемінде бірнеше рет балық шаруа­шылығы саласына қатысты акция­лар ұйымдастырылып келеді.
Мұндай игі шара биыл да жалғасын тауып, ауданымызда 17 тамыз күні «Ау­лар­дан таза су айдындары» атты акция өткізілді.
Бұл акцияның мақсаты – қоршаған ор­таға жанашырлықпен қарауды және таби­ғатты қорғауды насихаттау. Науқан барысында балық шаруашылығы су айдындарын жарамсыз ау-құралдардан тазартып, сонымен қатар жағалауларды сүзіп, талдау жұмыстарын жүргізді.
Акция аудан көлемінде орналас­қан балық шаруашылығы су айдындарында жүргізіліп, облыстық ор­ман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі ау­мақ­­тық инспекция, Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жө­нін­­дегі мемле­кеттік мекемесінің, ау­дан­дық ауыл шаруашылығы бөлімінің маман­дары және жергілікті табиғат пайдаланушылардың қаты­суы­мен өткізілді.
Осындай айтулы шаралар өңірі­міз­де жалғасын тауып, жоғары дең­гейде өткізіледі деген сеніміміз мол.

Келешек ұрпаққа мұра болып қа­латын балық қорын сақтауға және балық шаруашылығы су айдындарын таза ұстауға бүкіл ел болып жұмылған жұдырықтай ат салысайық!

31 тамыз 2019 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30