» » » "Жалдамалы пәтерде тұрамыз": Ержан Максим Ресейге қоныс аудармақ

"Жалдамалы пәтерде тұрамыз": Ержан Максим Ресейге қоныс аудармақ

Ержан Максим Ресейге қоныс аудармақ, деп хабарлайды "Мой город" басылымы. 

ÐÐ°Ð»Ð´Ð°Ð¼Ð°Ð»Ñ Ð¿ÓÑеÑде ÑÒ±ÑамÑз

"Голос. Дети" байқауының  финалисі Ержан Максим енді Мәскеу қаласында тұратын болады. Бұл туралы жас талаттың анасы Гүлмира Әлібек айтып берді. Ол ұлының Игорь Крутойдың мектебінде білім алатынын жеткізген. Қазақстандық отбасы Ержанның болашағы үшін шетелде тұруға шешім қабылдапты.

"Ержан Игорь Крутойдың музыка академиясында оқиды. Ол жерде біз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Қазір ұлым «Евровидениеде» өнер көрсетуге дайындалып жатыр", - дейді Гүлмира Әлібек. 

Осыған дейін Ержан Максим желідегі парашаларында Игорь Крутойдың өзіне ұсыныс жасағанын айтқан болатын. Қазақстанның Рессейдегі елшісі Тасмағамбетов мырза Ержан Максимді атақты композитормен таныстырып, жас дарынның болашағына бағыт берген еді. 

"Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды", - деп жазған болатын ол. 

Жас әнші ұсынысты қабылдап, енді 5 жыл бойы басқа елде білімін толықтырады. 
05 қыркүйек 2019 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031