» » » Мақпал Жүнісова: Өзбекстандағыдай шешінетін қыздардың барлығының көзін құрту керек

Мақпал Жүнісова: Өзбекстандағыдай шешінетін қыздардың барлығының көзін құрту керек

Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнаға жартылай жалаңаштанып шығып, тәнін көрсетуге әлек жұлдыздарды сынға алды. Әнші өнердегі сіңлілеріне бірнеше рет ескерту жасағанымен, өнер иесін тыңдайтын құлақ табылмаған деп жазады ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнердегі сіңілдеріне ақылын айтып жүретін Мақпал Жүнісова сахнаға тәнін жалтыратып шығатын аруларға тағы да шамданды.

"Оларға айтқан сайын, олар одан сайын шешініп жатыр. Одан сайын сахнаға жатып алып, аяқтарын көтеріп жүр.Гәккудің концертінен көрдім. Соның бәрі дұрыс па? Заң шығару керек. Өзбекстандағыдай шешінетін қыздардың барлығының көзін құрту керек, болды", - дейді халық әртісі.

Өнер иесінің сөзін әнші Жігер Ауыпбаев та қолдай кетті.

"Тым өнердің соңынан қуып, шектен шығып кетуге де болмайды. Өз басым ондайға қатты қарсымын", - дейді Жігер.



kaz.nur.kz


01 қазан 2019 ж. 1 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031