» » » Қайрат Нұртас әйелінің Қарақалпақстаннан екенін мойындады

Қайрат Нұртас әйелінің Қарақалпақстаннан екенін мойындады

Миллиондаған жанкүйері, тыңдарманы бар Қайрат Нұртас әйеліне қатысты ақпаратты бөлісті. Ол өзінің Қарақалпақстанға күйеу екенін айтты. 

Қайрат Нұртас әйелінің Қарақалпақстаннан екенін мойындады

Бұл туралы "Megaline" бағдарламасы хабарлайды.

Қайраттың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Қарақалпақстан елінде дүниеге келген. 

Қайрат Нұртас Қарақалпақстан еліне концерт қойып, сол елдің телеарнасының біріне сұхбат берді. Сұхбат барысында әнші жүргізушінің сұрағына жауап бере отыра, әйелінің осы елден екенін жасырмай айтты. 

"Менің әйелім осы Қарақалпақстан елінен, осында туған, бірақ Алматыда өскен. Ұлты - қазақ. Демек, мен Қарақалпақстанға күйеумін", - деді әнші күліп.

Қайрат бұл елге 10 жыл бұрын да іс-сапармен барған. Ол кезде Қайрат сахнаға енді шыққан әнші еді. 

"10 жыл бұрын әлі Қайрат болмай тұрғанымда, танылмай тұрғанымда Қарақалпақстанға келдім. Дегенмен мені құрметпен қарсы алып, қошемет көрсеткеніне риза болдым", - деді әнші. 

Бұған дейін Қайрат мылқау жанкүйерінің берген костюмінен бас тартып басы дауға қалған еді. 


11 қазан 2019 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031