» » » Әріптестері ойнап жатыр деп ойлаған: Қазақстандық актерге түсірілім кезінде «оқ» тиіп кетті

Әріптестері ойнап жатыр деп ойлаған: Қазақстандық актерге түсірілім кезінде «оқ» тиіп кетті

актер

Жақында ғана "Хабар" арнасынан "Дала қырандары" атты әскери ұшқыштар туралы отандық телесериал көрерменге жол тартты. Басты рөлдің бірінде жас актер және модель Ерік Хамидуллаев сомдаған болатын. Түсірілім кезінде басына "оқ" тиіп ауыр жарақат алып қалғаны туралы "Қызық Тімes" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түсірілім кезінде басынан жарақат алған ол әлі де болса толық жазыла қоймаған. 
"Әскери жоба болған соң, жасыратын түгі жоқ. Таңқалатын да жағдай емес деп ойлаймын. Түсірілім алаңында Аян Өтепберген екеуміздің сомдап шығатын атыс-шабыс сахнасы болған. Сол кезде сценарий бойынша маған оқ тию керек еді. Менің иығыма қойылған арнайы затқа жасанды оқ тигенде мен артқа құлауым керек болған. Ал Аян сценарий бойынша мені құтқарады. Құлаған жерімнен тартып жатқан кезінде шекеме шынымен оқ тиіп кетеді. Филімде шынайы оқ тиген эпизод сақталған", - дейді Хамидуллаев түсірілім алаңында болған оқиғаны еске алып. 
Фильмде бірге ойнаған актер Аян Өтепберген осы бір сахнаны былай еске алады: 
"Оқ шынайы емес. Ол пластмасса оқ, арнайы ішінде жарылатын заты болады. Адам оқ тигеннен кейін айқайлайтын сахна. Құтқарып сүйреп келе жатқанда Ерік айқайлап жатыр. Сосын ішімнен "мына Ерік дегенің күшті ойнайды екен ғой" деп ойлап келе жатырмын. Актерлігіне күмәнім жоқ. Бірақ қатты ойнатып жібереді деп күтпедім. Ерік маңдайын қолымен жауып алған. Бір кезде "стоп" деген дауыс шықты. Қолын ашып қарасам, "фантан" атқылап жатыр", - дейді Аян Өтепберген. 
Айта кетейік, Ерік Хамидуллаев актерліктен бөлек каскадерлікпен де айналысады. Жас актерге тез сауығып кетуін тілейміз. 

stan.kz

03 желтоқсан 2019 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031