» » » "Неге дәрігер мен мұғалімдерге емес, әншілерге марапат береді?": Мемлекеттік марапат алған әншілер жауап берді

"Неге дәрігер мен мұғалімдерге емес, әншілерге марапат береді?": Мемлекеттік марапат алған әншілер жауап берді

әншілер

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше әншілер марапатталды. Олардың ішінде Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова мен Қайрат Байекенов те бар. Алайда, кейбіреулеріне жұрт сын көзбен қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Той әншілері инстаграм-парақшаларына тойдағы видеоларын жүктеуден, неше түрлі курорттар мен спаға барғандарын көрсетуден басқа халыққа және Тәуелсіздігіміз үшін не істеді? Өздері қолданбаса да неше түрлі заттарға жарнама жасағаннан басқа не бітірді? Олар ауыл-аймақтарды аралап концерт беріп жүр ме? Балалар үйінде тегін концерт өткізе ме? Олар халықаралық байқауларға қатыса ма? Осы неге мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігер мен медбикелерді марапаттамайды? Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлерін? Мұғалімдерді ше? Неге мұндай әншілерге марапат береді?», – деп жазды өз Facebook-парақшасында Бақыт Әбдіғалиев. 
Құрмет орденімен марапатталған Гүлнұр Оразымбетованы өзін мұндай атаққа лайық емес дегендерге жауап берді. 
«Көпшілігі жап-жас болып алып қалай алып жатыр деп ойлауы мүмкін. Мен жас емеспін. Сахнада жүргеніме 25 жыл болса, демек менің жасым 40-тан асты деген сөз. Сондықтан қырықтан асып осындай Құрмет орденіне ие болу деген ол өте дұрыс дүние деп ойлаймын», – деп жауап берді Гүлнұр Оразымбетова Revue NTK бағдарламасына.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағын иемденген әнші Тамара Асар да марапатына қатысты өзгелердің артық сөз айтпауын өтінеді. 
«Сен кеш алдың», «Әлі алмағансың ба?» деген сұрақтар қойып жатыр. Бірақ мен үшін уақыты келген сияқты. Мен сезініп алдым, қуанышпен алдым. Ешкімнен артық кеттім-ау деген ішімде бір кірбің болған жоқ. Ешқандай күмән болған жоқ», – дейді Тамара Асар. 

stan.kz


20 желтоқсан 2019 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930