» » » МӘДЕНИЕТ – ХАЛЫҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ

МӘДЕНИЕТ – ХАЛЫҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Мәдениет қашаннан халықтың руха­ния­тының өзегі іспеттес. Мұны қазақтың өнер десе ішкен асын жерге қоятынынан-ақ байқауға болады. Қай заманда болсын, ел басына қандай нәубет төнсе де ұлы дала халқы өнерден бір елі ажыраған емес. Қазіргі таңда да індетпен бетпе-бет келіп отырған қазақстандықтар үшін мәдениет саласының қызметкерлері он­лайн түрде мәдени шаралар, концерттер ұйымдастыруда. Біз аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйіне хабарласып, төтенше жағдай кезінде нендей жұмыс істеп жатқанынан хабардар болдық.
Мәдениет үйінің қызметкерлері мә­де­ниет пен өнерді насихаттау мақса­тында бірқатар онлайн шаралар өткізіпті. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары халықты сабырға шақырып, елдің аман­дығы үшін уақытпен санаспай жұ­мыста жүрген ақ халатты абзал жандарға арнап «Алғыс» әнін орындап, "Біз біргеміз" ұра­нымен денсаулық сақтау саласы ма­ман­дарына қолдау көрсетті. Онлайн өткен шаралар қатарында Ұлы ақынның 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты 5-8 сынып оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы да бар. Байқауға 23 қатысушы бейнекөрсетілімдерін жіберіп, бақтарын сынады. Нәтижесінде 10-12 жас аралығында Ақсу ауылынан Сынасап Ақниет ІІ орынмен, 13-15 жас аралығында Т.Жүргенов ауылынан Егізбай Нұрталап І орынмен, аққұмдық Бақберген Нұрай ІІ орынмен, Есет батыр ауылынан Тұрар Талшын ІІІ орынмен марапатталды.
Бұдан бөлек аудандық мәдениет үйінде қазақтың күйшісі, күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жас күйшісі Кенжебек Пірмаханның орын­дауында Дәулеткерей Шығайұлының "Жең­гем сүйер" күйі ұсынылған. Халық күй­шісінің шығармашылығына тоқталсақ, оның халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жі­гер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақ­сірет көрген ержү­рек адамның сал­мақ­ты, салиқалы те­бі­реніс-толға­ны­сын бей­нелейтінін аңғарамыз. Оның алғашқы шығармаларының бірі – "Ақжелең". Со­нымен бірге "Жеңгем сүй­ер", "Қоңыр", "Жел­дірме", "Керілме", "Ыс­­қыр­ма", "Қос­ішек" сияқты күйлері тір­ші­­лік-тұр­мыс­тағы әр алуан көріністерді баян­дайды.
Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік "Қазақтың жүз әні", "Қазақтың жүз күйі" жо­басы аясында жасөспірімдердің кәсіби ма­­мандыққа сауаттылығын дамыту, мең­герген өзіндік ерекше білім, дағды, ше­­­­­­­­бер­ліктерін жетілдіру мақсатында түр­лі шаралар ұйымдастырды. Му­­зы­када ән мен күйдің егіз екенін ұғын­дыру үшін хормейстр, үйірме жетек­шісі А.Бауыржанқызының үйірме жетек­ші­лі­гі­нен бейнекөрсетілім ұсынылды. Жас өрен­дерге арналған "Қуыршақ" үйірмесі "Қойшы, аю және түлкі" ертегісін онлайн түрде бүл­дір­шіндер назарына ұсынды. Қазақ батыры Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кіта­бында «Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын» деген екен. Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер оң әсері мол. Балалардың дамуы үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықтан аулақ болуды үндейді. "Қуыршақ" үйірмесі жетекшісінің негізгі мақ­саты – балаларды адами қасиет­терден шет қалдырмау. Мәдениет үйі қызмет­кер­ле­рінің онлайн шаралардың басым бөлігін балаларға арнауының маңызы зор. Өйткені бәріміз білеміз, балалар үйлерінде таңертең бір мезгіл ғана сабақ оқып, қалған уақытта бос болады. Ал бұл шаралар жас өрендердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасамақ.
Сонымен бірге мәдениет үйінде жергілікті ақын-сазгерлердің шығармалары да наси­хатталды. Шара барысында мәдени-рухани құндылықтары азық болған жергілікті ақын Т.Сарыбаевтың сөзіне жазылған А.Орын­баеваның «Жалағашым» әнінің жаңа фор­мат­­тағы нұсқасы жарияланыпты. «Көр­кем сөз көрікті ойға жетелейді» тақы­ры­бында Қ.Қазантаев атындағы мәде­ниет үйінің музыкалық жетекшісі С.Шәріп­құловтың шы­ғар­­машылығынан да сыр шертілді. Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жорал­ғы­ларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі жаңғырып тұруы тиіс. Бәрінен бұрын ұлттық кодымызды сақтасақ, көп жетістікке қол жеткізеріміз анық. Кәсіби маманның алдындағы аса жауапты міндет – мемлекеттік құндылықтарды рухани байы­ту үшін жас ұрпаққа терең меңгерту. Мұндай рухани дүниелерді өскелең ұрпақтың санасында жаңғырту мақсатында аудан өнер­паздарының орындауында бірнеше дәстүрлі ән онлайн түрде тыңдарманға ұсы­нылды.
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді де назардан тыс қалдырмапты. Бұл ретте Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі өнер­паз­дарының архив қорынан қоюшы-режиссер Әсет Шілдебаевтың «Махаббат бекеті» қойы­лым-концерті ұсынылған.
Мәдениет үйінің қызметкерлері ел ішіндегі ахуалға қарамастан жалағаштықтарға ру­ха­ни азық сыйлап, оқушылар мен жас­өс­пірімдердің бос уақытын тиімді ұйым­дас­ты­руға атса­лы­суда. Бұл жұртшылық үшін жа­салған игі істердің бірі деп ойлаймыз.

Н.АЛМАС
18 сәуір 2020 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930