» » » БАЯННЫҢ ЕЛДІ ШУЛАТҚАН ФИЛЬМІНДЕ БАСТЫ РӨЛДІ ОЙНАҒАН 17 ЖАСАР ҚЫЗ КІМ? (видео)

БАЯННЫҢ ЕЛДІ ШУЛАТҚАН ФИЛЬМІНДЕ БАСТЫ РӨЛДІ ОЙНАҒАН 17 ЖАСАР ҚЫЗ КІМ? (видео)

Таяуда ғана тұсауы кесілген Баян Алагөзованың кезекті жаңа «Сиситай» мюзиклі жарыққа шықты. Бюджеті 400 мың $ тұратын кинода продюссерлік орталықтағы әншілердің көпшілігі ойнаған. Басты рөлді продюсердің өзі сомдаған фильмнің тұсаукесеріне NUR.KZ тілшісі арнайы барып қайтты.
    Фильмде басты рөлде ойнаған Баянның жаңа «жұлдызы» Әйгерім Мергенбайдың жасы он жетіде.
    Жүргенов атындағы колледждің үшінші курс студенті осы уақытқа дейін Баян ұйымдастырған кастингтерге бірнеше рет барғанын айтты.
    «Осы уақытқа дейін барлық кастингтерге барып жүрдім, бірақ мені үнемі қабылдамайтын. Осы жолы мені кастингке өздері шақырды», - дейді Әйгерім.
    Сонымен қатар, Әйгерім болашақта ән жазып, жеке әнші ретінде сахнаға шығу жоспарында бар екенін айтты. Ән айтуды бала кезінен бастап сүйетінін айтқан ол Алагөзова ханыммен кинодан кейін ешқандай келісім-шартқа отырмаған.
    Дегенмен, алдағы уақытта әнші ретінде продюссерлік орталыққа шақырту алса, қарсы болмайтынын да жасырмады.
    Тіпті «Кешью» тобының құрамында ән айту туралы ойланып жүрген көрінеді.
    Айта кетерлігі, Баян Алагөзованың бұл фильмі жарыққа шықпай тұрып, жарнамасымен көпшілікті шулатқан болатын.




https://syr-media.kz

06 наурыз 2018 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9544)

30 тамыз 2019 ж.

№67 (9543)

27 тамыз 2019 ж.

№66 (9542)

24 тамыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30