» » » Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады

Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады

Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады


Әнші Димаш Құдайберген танымал актер Джеки Чанның "Авангард" деп аталатын жаңа фильмінде басты саундтректі орындады. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында хабарлады.

Джеки Чан түскен жаңа фильм 30 қыркүйек күні жарыққа шығады. Алғашқы көрсетілімі Сингапурде болады. Фильмде басты рөлді Джеки Чанның өзі ойнайды. Режиссері – Стэнли Тун.

Фильм сюжеті бойынша "Арктика қасқырлары" деп аталатын жалданбалы топ қытайлық бизнесмен мен қызын ұрлап кетеді. Тұтқындарды құтқару "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі құзіретіне беріледі. Олар өзгелер орындай алмайтын тапсырманы шегіне жеткізуге бел буады. 

massaget.kz

25 қыркүйек 2020 ж. 175 0