» » » Ғалымжан Молданазар мен Иван Дорн бірге орындаған ән Желіде танымал болды (видео)

Ғалымжан Молданазар мен Иван Дорн бірге орындаған ән Желіде танымал болды (видео)


Синти-поп мәнерінде танымал қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар мен Украинаның танымал әншісі Иван Дорнның бірлесе орындаған «Қайда» әні жарыққа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Бірлескен ән Иван Дорнның Youtube каналында жарияланған. Украиналық әншінің  Youtube каналына 108 мыңға жуық жазылушы тіркелген. Әнші сондай-ақ, жаңа әнді өзінің Инстаграм парақшасына жариялады.  Әнді тыңдаған тыңдармандар жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Уау!!! Екеуі де мен үшін керемет әртістер! Клип түсірсе тіпті қатып кетер еді», - деп жазады әншілердің тыңдармандарының бірі. «Украин мен қазақ тілінің бір әнде тоғысуы керемет!» - деп жазады екінші тыңдарман. Қос елдің әншілері жаңа әнді қазақ және украин тілдерінде орындап шыққан. Тыңдармандар әншілердің тағы да бірлескен жобалары болатынына сенім білдіріп жатыр.
  



13 наурыз 2018 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31