» » » Мәдина Сәдуақасованың өнеріне тәнті болған Моңғолия халқы әншіге ұлттық киімдерін кигізді

Мәдина Сәдуақасованың өнеріне тәнті болған Моңғолия халқы әншіге ұлттық киімдерін кигізді


Мәдина Сәдуақасова мен әнші Ұшқын Жамалбек Моңғолияның Ұлан-Батыр, Баян-Өлгей, Қобда өңірлерінде “Арман елім-ай” концертін берді. Әншінің өнеріне тәнті болған жұртшылық оған ұлттық киімдерін кигізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ұлан-Батырда өткізген ән кешінде жұртшылықтың қошеметіне бөленіп, моңғол халқының ұлттық киімін сыйға алды. Сонымен қатар әнші сахна төрінде тәй-тәй басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті.
«Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт болған соң, қазақтың салт-дәстүрі тұсаукесерді де сахнада кішкентай Айзереге жасап жібердік. Ал кейін моңғол елінің азаматтары моңғол ұлттық киімін
(шапан)кигізді», – деп жазды әншінің өзі желідегі парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өнері мен сұлулығына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырды. Кейбірі Моңғолиядағы қандастарымыздың ұлттық киімдері әдемі екенін де айтып жатты.

http://stan.kz
18 наурыз 2018 ж. 1 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930