» » » Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауында гран-при ұтып алды

Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауында гран-при ұтып алды



Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауының бас жүлдесін ұтып алды. ХХХ халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында награданы қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бірінші орын сербиялық әншіде, екінші орынға украиналық орындаушылар ие болды. Ал үшінші орынды Словакия мен Әзірбайжан бөлісті.

Байқауға отыздан астам елдің әншілері қатысты. 22 жастағы талдықорғандық Рухия Байдүкенова Қазақстан атынан өнер көрсетті. Оның диапазоны – бес октава. «Славянский базар» әнсүйер қауымды Адам, Айри, Әділхан Макин, Әмре сынды қазақстандық әртістердің шығармашылығымен таныстырды. 2015 жылы Димаш Құдайбергеннің жеңісін бөлек атап өткен жөн. Ол биыл қазылар алқасының құрамында болды. Көрерменді сахнаға шығып та қуантты.
 
Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап жатқан сәтте көрермен концерт тамашалаған болатын. Беларусь, Қазақстан, Украина, Ресей және Грузиядан келген әртістер өнер көрсетті. Сахнаға Димаш Құдайберген шыққанда «Славян базары» көрермендері әртісті ерекше ықыласпен қарсы алды.

«Димаш Құдайбергенді зал қошеметпен қарсы алды, тіпті, жанкүйерлерінің даусы қарлықты. Қазылар алқасы мен жанкүйерлердің қолдауы керемет болды», – деп жазды басылым.
19 шілде 2021 ж. 50 0

№60 (9740)

31 шілде 2021 ж.

№59 (9739)

27 шілде 2021 ж.

№58 (9738)

24 шілде 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031