» » » Алматы облысының тұрғыны танымал телешоудан 10 миллион теңге жеңіп алды

Алматы облысының тұрғыны танымал телешоудан 10 миллион теңге жеңіп алды

Алматылық кәсіпкер “Кто возьмет миллион?!” ойынында барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, жобаның 2017-2018 жылдардағы маусымында жеңімпаз атанды. Бұл туралы “Хабар” арнасының желідегі парақшасында хабарлады.

Қойылған 15 сұрақтың барлығына мүдірмей жауап берген Алматы облысының тумасы  Евгений Малищук 10 миллион теңгені жеңіп алды.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, Евгений Малищук жобаның теледидар экранына қайта оралған уақытынан бергі алғашқы жеңімпаз болды және телешоудың қазақстандық нұсқасының тарихында бесінші миллионер атанды.
Бағдарлама жүргізушісі Серік Ақышев желідегі парақшасында алғашында бұл оқиғаға сене алмағанын және адам сенгісіз жағдай болғанын жасыра алмады.
“Бұл шын мәнінде болды. Мен өзім де әлі сене алар емеспін. Сенің көз алдыңда адам сенгісіз оқиға болып жатқан кезде, бұл оқиғаны бірден түсіну қиын. Евгений Малищук өзінің білімін маған, түсірілім тобының 40 мүшесіне, студиядағы 120 көрерменге және бағдарламаны тамашалап отырған барлық қазақстандыққа дәлелдеді. Ғажайып – ол адам түйсігінің, сабырлылық пен өзіне деген сенімінің күші. Қазақстандық #КтоВозьметМиллион супершоуының тарихындағы алғашқы 10 000 000 теңгенің жеңімпазы – тамаша ойын үшін саған үлкен рахмет! Бұл өте керемет болды!”, – деп жазды тележүргізуші.
Оның айтуынша, жеңімпаз бұрын әскери қызметкер болған, технолог мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі уақытта Алматы облысының кәсіпкері.
Айта кетейік, бұл бағдарлама 2017 жылдың 16 қыркүйегінен бері “Хабар” аранасында көрсетіледі.
24 наурыз 2018 ж. 429 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 07:08
Buy Estrofem Levitra 75 Mg Online Indian Propecia levitra discount Ou Acheter Cialis En Ligne Forum Viagra Sin Receta Precio Preisvergleich Cialis 20mg Filmtabletten

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 09:10
Cialis Generico PreР С–Р’В§o Propecia Online Without A Prescription Buy Buy Neurontin Overnight Priligy Isotretinoin In Internet Levitra Avec Dapoxetine

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30