» » » "Жолымыз ажырады": Ерке Есмахан AZ-мен айырылысқанын мәлімдеді

"Жолымыз ажырады": Ерке Есмахан AZ-мен айырылысқанын мәлімдеді

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың қарым-қатынасына нүкте қойылды. Қос жұлдыздың жолы екіге айырылды. Мұндай шешімге Еркенің өзі келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ерке Instagram-да оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. "Жігітіңіз қайда?" деген сауалға: 
"Жолымыз ажырады! Екі бөлек кеттік! Бұл ортақ шешім емес! Бұл менің қалауым болды! Енді алдағы уақыт бір Алланың еншісінде! Тек жақсылық болсын!" - деп жауап берді. 



Аяқ астынан мұндай мәлімдеме жасаған әншіні көпшілік сұрақтың астына алды. Екеуінің айырылысу себебін білгісі келгендер көп болды. Тіпті, Азамат Еркеге опасыздық жасады деп болжағандар бар. Оған Ерке: 

"Жоқ! Ондай жасайтын адам емес! Себебін сұрамаңыздар! Айтпаймын, тошкы! (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)", - деді.


24 қараша 2021 ж. 173 0