» » » Аймақ басшысы «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» жобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбекті құттықтады

Аймақ басшысы «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» жобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбекті құттықтады


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы жерлесіміз Құралай Мейрамбекті құттықтады.

«Құралай қызымыздың жеңісі құтты болсын, Сыр елі! Құралай Мейрамбек жаңа ғана «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы атанды. Роза Бағланова, Мәдина Ералиева, Жеңіс Ысқақовадай күміс көмей, алтын дауыс әнші апаларының ізін жалғастырып келе жатқан Құралай қызымызды Сыр жұртшылығы атынан қуана құттықтаймыз! Сыр елі – жыр елі өзінің өнерлі жастарымен мақтанады», – деді аймақ басшысы.
25 желтоқсан 2021 ж. 194 0